Оқу - әдістемелік жұмыстың есебі » Топар орта мектебі
«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мекмлекеттік мекемесінің
"Топар орта мектебі"
мектепке дейінгі шағын орталығымен
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2022

Оқу - әдістемелік жұмыстың есебі

Балқаш аудандық білім бөлімінің «Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің  атқарылған жұмыстарына талдау есебі


Әлем тәжірибесі көрсеткеніндей, кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты.Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады.Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының   дәрежесіне жеткізу. Оқушының білім сапасы білім саласындағы мемлекеттік саясат негізінде нормативті-құқықтық актілерде негізделген. Әсіресе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Жалпы   орта білім мазмұны және жүйесі Тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білімді дамыту Тұжырымдамасында нақтыланған. 

Қазақстан Республикасы азаматтарының   халықаралық білім  кеңістігіндегі және еңбек нарығындағы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білімнің сапасына «Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі – білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары,   нысандары мен әдістерінің жиынтығы»,-деп сипаттама берген. Кез келген дамыған елде білім сапасы мемлекет пен қоғамның қатаң бақылауында тұрады.Қазақстанда білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесі құрылды. Білім беру мониторингі білім сапасын сырттай және ішкі бағалау әдістері арқылы өткізіледі. Тәуелсіз сыртқы бағалау лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу, мемлекеттік аралық бақылау, талапкерлерді кешенді тестілеу және т.б. элементтерін қамтиды.

   Бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында  адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отырғанда  рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңғырып, адамның   ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білім сапасының маңызы туралы қағидалар да түбірімен өзгерді. Жаңа ғасырда оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі, білім сапасы ең өзекті мәселеге айналды. 

   «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін орта мектептердің даму тұжырымдамасында»: Білім берудің басты мақсаты- оқушының білім алуына, өзгермелі  дүние жағдайында өзздігінен әрекет ету, өзін таныту, әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді қалыптастыра отырып, дара тұлғаның қабілеттерін дамыту- деп көрсетіліп, ол білім берудегі басты мәселе сапаға келіп тоқайласып отыр. Ал білім сапасы өмір сапасының жүйелі – тұтастық  табиғатын танытатын өзара байланысты элементтер құрылымында өзін-өзі дамытудың негізі ретінде жеке тұлғаның және жеке дара  әлеуметтік топтардың, қоғамның  өмірлік іс-әрекетін қамтамасыз ету болып табылады.   

Болашағынан үлкен үміт күтіп, келешегіне зор сенім артып отырған, еліміздің ертеңгі тізгініне ие болатын, ел экономикасын дамытып, гүлдендіре түсетін жас жеткіншектеріміздің болашағы зор. «Бақыт жолы біліммен табылады» -деп ойшыл-философ Ахмед Иүгінеки айтпақшы, білім-адамның бойындағы қабілеттерін кеңінен ашуға, пайдалануға, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықпал ететін құндылық.

       Білім мен оның дамуы- адамзат өркениетінің өлшемі. Олай болса, білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған  қазіргі кезең – жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. «Ұстаз- келер күннің ұстасы» демекші ұрпағымыздың  ертең қандай адам болып қалыптаспағы – мұғалімнің бүгінгі арқалар жүгі болмақ.  Біздің заман- жаңа заман. Жаңа көзқарас, жасампаз жаңашылдықтың дәуірі. Әрбір сәт үшін болып жатқан  өрелі өзгерістердің  мәні мен маңызы зор.  Бүгінгі таңда технология саласындағы жаңалықтар күн санап емес, сағат сайын жаңаруда. Яғни, бұл бағытта бір сәтке кешігу- ізбе-із өкшелеп келе жатқан бәсекелеске орын беріп, артта қалу деген сөз. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің  өлшемімен таразыланады. Бұл үміт-ұстаз алдындағы міндетте. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Себебі, ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты, дарынды  болмақ.   «Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің, заман жаңалығының жаршысы болуға тиіс»-деп, өзінің барлық саналы ғұмырын  халық ағарту ісіне арнаған, оқытушы, әрі жазушы С.Көбеев айтқандай, білім беру жүйесіндегі барлық өзгерістердің жаршысы ұстаз болып саналады.

                       2020-2021 оқу жылындағы  оқу жылын 184 оқушы,  28 мұғаліммен бастадық. Мектептің жұмыс жоспарлары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының қосымшаларына сәйкес жасалынды.


                                              Мектепішілік бақылау жоспарына сараптама

                       2020-2021 оқу жылының мектепішілік бақылау  жоспары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының 17 қосымшасына  сәйкес жасалынды.

Мектепішілік бақылау жоспары төмендегі салаларды қамтып жоспарға сәйкес жұмыс жасады:

  1. Баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін бақылау бойынша:
  2. Барлық жалпы білім беретін пәндер бойынша жүргізілген ТЖБ жұмыстарының қорытындысы;
  3. Барлық жалпы білім беретін пәндер бойынша білім сапаларының қорытындысы;
  4. Кезекші сыныптарда оқитын оқушылардың оқу техникасын тексеру   қорытындысы;
  5. 9, 11 сынып оқушыларын қашықтан қорытынды аттестаттауға дайындау қорытындысы


  1. Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау бойынша:
  2. Бірінші сыныптарды жинақтау
  3. 1, 10 сынып оқушыларының жеке істерін рәсімдеу
  4. Жаңадан келген мұғалімдердің педагогикалық қызметінің деңгейі;
  5. Kundelik.kz электронды журналының жүргізілуі;
  6. Сынып журналдарының жүргізілуі;
  7. Тәлімгерлер жұмысының жүргізілуі;
  8. Аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің құжаттарының жүргізілуі


  1. Оқу -тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жағдайын бақылау бойынша:
  2. 2020-2021 оқу жылында қызметкерлерді аттестаттау;
  3. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды тексеру;
  4. 2020-2021 оқу жылындағы оқу жүктемесін бөлу;
  5. Кезекші сыныптарды оқитын оқушылардың дәптерлерін тексеру


  1. Базалық және қосымша білім беруді қамтамасыз етуді бақылау
  2. Орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінің оқытылуы;
  3. Қазақ тілі мұғалімдерінің жұмысы;
  4. Бастауыш сыныптарлағы оқу-тәрбие процесінің жағдайы;
  5. Дене шынықтыру, көркем еңбек пәндерінің оқытылуы жағдайы;
  6. Химия, биология, өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің жұмысы;
  7. Физика, математика, информатика пәнінің оқытылуы;
  8. Тарих, география, құқық негіздері пәндерін оқыту жағдайы




  1. Мектептегі тәрбие жұмысының жағдайын бақылау
  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
  3. Сынып жетекшілерімен жұмысты ұйымдастыру


  1. Оқу-тәрбие процесін психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу сапасын бақылау
  2. Оқушылардың педагогикалық-психологиялық жағдайы;
  3. Мотивациясы төмен балалармен жұмыс



Ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарына сараптама

                       2020-2021 оқу жылының мектепішілік бақылау  жоспары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының 24 қосымшасына  сәйкес жасалынды.

Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігі  мен сапасын арттыру»

Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты: Оқу –тәрбие үрдісіне қатысушылардың  жаңартылған   білім беру жағдайында тиімді әдіс-тәсілдерін арқылы құзыреттілігін                        қалыптастыру

Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері: 

  • педагогтардың  жаңа технологияның теориялық және әдістемелік негіздерін білуі және түсінуі;
  • жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес инновациялық технологияны меңгеріп, қолдану дағдыларын жетілдіру;
  • оқушылардың оқу дағдыларын, сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
  • жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани адамгершілік құндылықтарын оқушы бойында  қалыптастыру

Мектепте  «Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі», «Жаратылыстану-математика әдістемелік пәндер бірлестігі», «Қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік пәндер бірлестігі», «Эстетика пәндер әдістемелік бірлестігі»  пәндері бойынша            4 әдістемелік бірлестік  құрылған және   «Озат  тәжірибе мектебі», «Жас  мамандар мектебі», «Зерде» ғылыми қоғамы жұмыс істеді. Болашағымыз бүгіннен де нұрлы болуына ықпал жасап, жас ұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастырып, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш- білім ордасы. «Ұрпақ ұлт келешегі» демекші бүкіл адамзаттың мақсаты сол ұрпақтың сәулетті болашағын жасау.Ұрпақ болашағы үшін еңбек ететін мектеп ұстаздары. Мектепте 28 мұғалім бар. Оның – 24 әйел, 4 -ер мұғалім. 

Мұғалімдердің білімі бойынша сапалық құрамы:

Барлығы

Жоғары білімділер  саны

%

Арнаулы орта білімділер  саны

%

28

22

79

6

21

Мұғалімдердің санаты бойынша сандық мәліметі:

Барлығы

Жоғары санат

%

Бірінші санат

%

Екінші санат

%

Санаты жоқ

%

28

2

7

10

36

6

21

10

36


Мұғалімдердің жаңа формат санаты бойынша сандық мәліметі:

Барлығы

педагог-шебер 

%

педагог-зерттеуші

%

педагог-сарапшы

%

педагог-модератор

%

28

-

-

2

7

8

29

2

7






                                                                         Озық тәжірибе тарату

Мақсаты: Әлемдік озық педагогиканың үрдістерін пайдалана отырып, білім берудің тиімді әдістерін жетілдіру арқылы      нәтижелі білімге  қол жеткізу.

Күтілетін нәтиже: 1. Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің кәсіби білімін жетілдіру;

2.Мектеп ұжымы Педагогикалық шеберлік орталығында І, ІІ, ІІІ деңгей бойынша    алған       білімдерін орталықтандыра отырып,           кәсіби қауымдастық құрады;

3.Жаңа технологиялық әдістермен тізбектелген сабақтар үлгісінде жұмыс істейді;

4.Мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық ауқымда іс-шаралар жүргізуге желілік қауымдастық байланыста болады.

                Жоғарыда көрсетілген мақсат – міндеттерді басшылыққа ала отырып, бекітілген жоспар бойынша жұмыс жүргізілді. (МДЖ жоспары). 

Онда шығармашылық топ құрылып, олар туралы мәліметтер жинақталды: Балқаш аудандық білім бөлімінің «Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»   мемлекеттік коммуналдық мекемесінің І,ІІ,ІІІ деңгейде сертификатталған мұғалімдер тізімі:

Қай жылы?

Қай деңгей?

Мұғалімнің аты жөні

пәні

Қай қалада?

1

2013

ІІІ

Такибаева Гүлнұр

биология

Алматы

2


ІІІ

Исагулова Жанерке

тарих

Алматы

3


ІІІ

Ажибаева Майра

Бастауыш сынып

Алматы

4

2014

ІІІ

Қалиева Жәмила

математика

Алматы

5


І

Джумадилова Анархан

Қазақ тілі мен әдебиеті

Талдықорған

6


ІІІ

Арыстанбекова Меруерт

Ағылшын тілі

Алматы

7


ІІІ

Көбенбаева Айнұр

Орыс тілі

Алматы

8


ІІ

Момынқұлова Эльмира

Бастауыш сынып

Алматы

9

2014-2015

І

Деңгелбаева Әскеркүл

география

Талдықорған

10

2016

І

Сатылғанова Анар 

Тарих, құқұқ

Талдықорған


               


Өзіндік білім көтеру- мұғалімінің және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы


         Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсүде. Ұстаз қауымы алдында  жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын,әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр.

         Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту,біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ.

         Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс- тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.

         Мектебімізде 2020-2021 оқу жылында біліктілік арттыру курсынан  өткен мұғалімдер:

Мұғалімнің аты-жөні 

Пәні 

Тақырыбы 

Мерзімі 

1

Абсатова Ақмаржан Шадыхановна

Көркем еңбек 

«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» 

19.06.2020ж

2

Айтжанов Ержан Миралыевич

Математика 

«Оқушылардың математикалық және оқу сауаттылығын креативті ойлануын дамыту»

15.07.2020ж


3

Айтжанов Ержан Миралыевич

Математика 

«Работатехника негіздері»

30.04.2020ж


4

Исагулова Жанерке Омаржановна

Тарих 

«Дүниежүзі тарихы және Құқық негіздері»

13.11.2020ж

5

Базарбай Ғаламат Ғалымбекұлы

Дене шынықтыру

«Дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту»

26.06.2020ж

6

Байтокова Нурсауле Дюсембековна

Қазақ тілі мен әдебиеті


28.11.2020ж

         

Мұғалім  білімді болса, ол мектептен балалар көбірекбілімалыпшығады, демекші мектеп мұғалімдерінің оқушыларының жартыжылдық бойына көрсеткен нәтижелері де көңіл толарлықтай.


Оқушының аты-жөні

Сыныбы 

Қатысқан жарысы

Иеленген орны

Жетекшісі 

1

Ақынтай Нартай


3

«Зерде»

ІІІ

Кикаева К

КҒА

ІІІ

Кикаева К

2

Тоқтасын Жасмин

1

«Зерде»

ІІІ

Кикаева К

3

Нұрланқызы Еркежан

3

«Зерде»

ІІІ

Алпамышева Х

КҒА

ІІІ

Алпамышева Х

4

Ибрайм Сабина

3

«Ақ Бота» интеллектуалдық марафоны

І

Әбілдә Ш

«Мың бала»  «Көркем жазу» байқауы

І

Әбілдә Ш

5

Сейілхан Сезім

3

«Мың бала»  «Көркем жазу» байқауы

І

Әбілдә Ш

6

Таңсықбай Кәусар

3

«Мың бала»  «Көркем жазу» байқауы

І

Әбілдә Ш

7

Қуанышұлы Нұрәділ

4

Республикалық «Әлем менің көзіммен»атты шығармашылық байқауы «Көркем жазу»

І

Момынкулова Э

8

Ернатқызы Айкөркем

7

Республикалық «Әлем менің көзіммен»атты шығармашылық байқауы «Көрікті көктем»

І

Момынкулова Э

Республикалық «Әлем менің көзіммен»атты шығармашылық байқауы «Мәнерлеп оқу»

І

Момынкулова Э

9

Жақан Айменай

4

КҒА

ІІ

Момынкулова Э

Зерде 

ІІІ

Момынкулова Э

10

Рысқұл Айша

4

КИО

ІІ

Арыстанбекова М

11

Болат Айым

8

«British bulldog»

І

Арыстанбекова М

12

Маратбек Бекжан

7

«British bulldog»

І

Арыстанбекова М

13

Тілеуқұл Ернур

2

«Кенгуру- математика барлығы үшін» халықаралық зияткерлік конкурсы

ІІ

Саймасаева Б

14

Курбаналиева Акниет

7

Республикалық «Әлем менің көзіммен»атты шығармашылық байқауы «Қолөнер»

І

Абсатова А