«Үздік сынып жетекші-2022» » Топар орта мектебі
«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мекмлекеттік мекемесінің
"Топар орта мектебі"
мектепке дейінгі шағын орталығымен
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік сынып жетекші-2022»
10
апрель
2022

«Үздік сынып жетекші-2022»

8 сәуір күні Балқаш аудандық білім бөліміне қарасты Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясында аудан мектептері арасында
 «Үздік сынып жетекші-2022» байқауы өткізілді. Бұл байқауға аудан мектептерінен 20 сынып жетекші қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Байқаудың мақсаты: Байқау жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің рөлін арттыру, тәрбие үдерісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту. Кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау, сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару субьектісі ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық тәжірибесін айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибесін анықтау, тәрбие бағытындағы инновациялық және шығармашылық идеяларын көрсету болып табылады.
«Үздік сынып жетекші -2022» байқауының әділқазылары төмендегідей құраммен бекітілді. 
   Сынып жетекші байқауының «Шебер жетекші», «Жаңашыл жетекші», «Ізденімпаз жетекші», «Тапқыр», «Шығармашыл жетекші» номинацияларына №2 Жамбыл атындағы орта мектебінің 8 сынып жетекшісі Кордабаева Айгерим Мұқанқызы, Үлгілі орта мектебінің 9 сынып жетекшісі Елжанова Мейрамкул Амангелдіқызы, Топар орта мектебінің 6 сынып жетекшісі Арыстанбекова Меруерт Жанахметқызы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 7 сынып жетекшісі Досымбекова Жадыра Ақылбекқызы, Бақанас мектеп-интернатының 5 сынып жетекшісі Қонғанбаева Бекзат Атшабарқызы ие болды.