Психолог жұмысының есебі » Топар орта мектебі
«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мекмлекеттік мекемесінің
"Топар орта мектебі"
мектепке дейінгі шағын орталығымен
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
февраль
2023

Психолог жұмысының есебі

«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінін «Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінін 2022 оқу   жылындағы жүргізілген психологиялық жұмыстын

                        психологиялық қызметтің бірінші жарты жылдық есебі

         2022 оқу жылы бойынша құрамында 28 мұғалімі бар ұжыммен және 200 оқушысы бар  мектепте бекітілген жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді.

        Жаңа оқу жылында жұмысымыз бірінші сынып оқушыларының арасында Керн-Ийрасиктің әдістемесін өткізуден басталды. 

Мақсаты: оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін байқау.

1-сыныптардан 28 оқушы оның 12 қыз бала, 16 ұл бала оқиды. Сынып  оқушыларынаң мектепке бейімделуін анықтау. « Жануарлар мектебі» проективті әдістемесі өтті. Сынақ қорытындысы бойынша оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуі 48%  көрсетіп отыр.   Бірінші сынып оқушыларымен мектепке бейімделу деңгейін қалыптастыру мақсатында, баланың мектепте оқуына психологиялық дайындығын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар өткізілді.

        9  сыныпта 18 оқушыларына қорытынды аттестаттауға  дайындау барысында мамандыққа байланысты психологиялық тестер жүргізілді. 

  Бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушыларға психологиялық көмек көрсетілді. 5-ші сыныпта 12 оқушы оқиды оның 8 қыз бала ал 4 ұл бала.                      5 сынып оқушыларының жаңа буынға бейімделуін, қалыптастыру деңгейін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді.  «Менің сыныбымның ғаламшары!» тақырыпта орта буынға бейімделуіне арналған трениг өтті. «Бесінші сынып дегеніміз не?», «Біз және біздің дағдымыз», «Біз және біздің кемшіліктеріміз бен жетістіктеріміз» атты дәріс сабақтар мен тренингтер, сауалнамалар жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша оқушылардың бейімделу деңгейлері, жақсы деңгейді көрсетті.

        10-11 сынып оқушыларынан «Өзіңізді бақылай аласыз ба?» атты әдістемелік жұмыстар алынды. Оған 11 оқушы қатысты.

  Қазан айында қорытынды аттесттатауға  11 сынып оқушыларынан                              «ШТУР» әдістемесі алынды. Нәтижесінде оқушылардың логикалық қабілетін дамытуға арналған тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қысқа мерзімде есте сақтау қабілеттерін байқау негізінде психодиагностикалық тапсырмалар жинағы алынды. 5 сынып оқушыларына әлеуметтік ортада бейімделу үрдісін көтеру мақсатында психологиялық тренингтер жүргізілді. 6 сынып оқушыларына «Өзін-өзі бағалау» сауалнамасы алынды. МАД тобына Дж. Буктың «Үй-ағаш-адам» әдістемесі алынды. 


 Қараша айында балалардың өзара қарым-қатынастарын анықтау барысында К.Юнгтың әдістемесі алынды. Қорытынды аттестаттау оқушыларды тиімді жолмен дайындау негізінде дәріс сабақтар ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық есте сақтау қабілетін анықтау мақсатында кеспелік сұрақтар мен жаттығулар жүргізілді. 7  сынып оқушыларына З.Филипстің мектептегі мазасыздығы туралы әдістеме алынды. 5-7-8 сынып оқушыларынан «Спид – ХХІ ғасыр дерті» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. 

      Желтоқсан айында әр оқушының ішкі дүниесін терең түсіну бағытында жүйелі зерттеу жұмыстары алынды. 7-8-9 сынып оқушыларына «Спид туралы сен не білесің?» атты диагностикалық жұмыстар мен сауалнама алынды. 11 сынып оқушыларын қорытынды аттесттатау  барысында таблицалық кестелер мен стимулдық тапсырмалар жүйелі жүргізілді.                            5 сынып оқушыларының психологиялық ахуалын анықтау негізінде «Лонгитюд» әдісі бойынша сабақтарына кіріп сырттан бақылау жұмысы жүргізілді. Бастауыш сынып оқушылар арасында «12 жануар» ойыны жүргізілді. 






                                  Мектеп директоры                  Э. Момынкулова


                                   Мектеп психологы                  Г .Садуахасова