“Қамқоршылық кеңес” қызметінің 2022 – 2023 оқу жылындағы атқарған жұмысының есебі » Топар орта мектебі
«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мекмлекеттік мекемесінің
"Топар орта мектебі"
мектепке дейінгі шағын орталығымен
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Қамқоршылық кеңес” қызметінің 2022 – 2023 оқу жылындағы атқарған жұмысының есебі
22
март
2023

“Қамқоршылық кеңес” қызметінің 2022 – 2023 оқу жылындағы атқарған жұмысының есебі

Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” мемлекеттік коммуналдық мекемесінде “Қамқоршылық кеңес қызметінің 2021 – 2022 оқу жылындағы атқарған жұмысының есебі

Қамқоршылық кеңес қызметі типтік ережеге және Қазақстан Республикасы «Білім» туралы заңының 44 бабы  9 тармағына сәйкес, « Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлану тәртібінің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы  27 шілдедегі бұйрығының 6, 7 баптары және «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары, оның ішінде: Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 17 мамырдағы қаулысының 37- тармағы негізінде , Қамқоршылық кеңесін құру туралы 2018 жылдың  мамырында №299  бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы бұйрығын басшылыққа алынып құрылған. «Қамқоршылық» кеңес мүшелерінің саны тақ, бір – бірімен және білім беру ұйымының басшысымен ешқандай  туыстық және жекжаттық туысы жоқ 9 адамнан сайланып, жылдық жоспары құрылып, бекітілген.

Қамқоршылық кеңесінің құрамы төмендегідей:

Қамқоршылық кеңес төрайымы- Коржинбаева Лайла - ата-ана

Мүшелері- Аденов Асылхан - Топар ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

Екетаева Райгуль жеке кәсіпкер

Карибеков Қуаныш - Топар ауылдық мал дәрігері

Жуасбаев Бейбит - жеке кәсіпкер

Ергосай Ақмоншақ жеке кәсіпкер

Адамбаева Махаббат ата - ана

                   Мойханов Шыңғыс  - мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі

Қалтай Дина – зейнеткер ұстаз

Қамқоршылық кеңесінің және тексеріс комиссиясының жылдық жұмыс жоспары жасалынған. Әр айда өткізілген іс- шаралар жоспары бойынша өз дәрежесінде өткізілді. Мектепте 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі аралықта «Шекарасыз жақсылық – Мектепке жол ұранымене атты ұранымен республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өткізілді. Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акция аясында әр-түрлі іс- шаралар жоспарланып, қайырымдылық шаралар, мектеп оқушылары арасында жәрмеңкелер, концерттік бағдарламалар, дөңгелек үстел, оқумен қамтылмаған және оқу жылына дайындық кезінде көмекке мұқтаж балаларды анықтау мақсатында рейдтік шаралар өткізу жоспарланып мектеп директорының келісімімен бекітілді.

         Қыркүйек айында «Мектепке жол» акциясы жалғасын тауып, осы ауқымды іс-шараға байланысты арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп жатқандығы, сонымен қатар жүрегі нұрға толы ауыл азаматтары мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қарап, акциядан шет қалмауда. Өткізілген іс- шара барысында мектеп ұжымы ауылымыздың әкімі  Нұрғожаев Қуат мырза бастаған ауыл азаматтары және жеке кәсіпкерлер оқу құралдарын сыйласа, мектеп әкімшілігі мектеп ұжымы аз қамтылған, жағдайы төмен, жартылай жетім, жетім, көп балалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбасынан шыққан балаларға оқу құралдары, аяқ киім, мектеп формасы, спорттық киімдер сыйға тартты. Акция аясында «Жетім көрсең жебей жүр» деген атаулы сөзін ұстанып ауыл тұрғындары қаржылай көмек көрсетіп, жиналған қаражатқа балаларға мектеп формасы, оқу құралдары алып беріп табыстадық. Жалпы акция бойынша 24 оқушыға 335000 ( үш жүз отыз бес мың) теңге көлемінде көмек көрсетілді.

         Оқу жылының басында аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбасынан шыққан балалар 100% оқулықпен қамтамассыз етілді.

     2021-2022 оқу жылында мектепте мемлекет есебінен аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбасы балалары бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамассыз етілді. 32 отбасының 40 баласы.

Қарттар күніне орай қазан айында « Қарттарым ізгіліктің шырағы» тақырыбында кездесу өтті.Іс- шараның мақсаты- оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата- бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне , инабаттылыққа, жақсы мен жамандықты ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. 

Оқу жылының басында аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларымен «Менің отбасым» тақырыбында тренинг  өтілді.

 Тамыз айында аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбасынан шыққан 25 балаға мемлекет тарапынан ақшалай көмек көрсетілді. Ол ақшалай көмек әр ата-ана баласына қажетті мектеп киімін алды, және де алған ақшаны тек балаларға қажетті киімдерге жұмсады.

           Сол сияқты жыл бойы аудан көлемінде өткізілетін іс- шараларға оқушылардың қатысуына демеушілік көрсету жұмыстары іске асырылып, қамқоршылық кеңесі  отырысының хаттамалары өз уақытында жазылды.


Қамқоршылық кеңесінің төрайымы       Коржинбаева Л.

Мектеп әлеуметтік педагогГ.Такибаева